Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама жасалады
Атырау қаласында «Қару» жедел іс-шарасы барысында қолдан жасалған атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атырау қаласында 14 қыркүйек күні қолдан жасалған 1 дана атыс қаруы тәркіленді. Сондай ақ, Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 4 мың 540 азаматтық атыс қарулары иелерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріс ұйымдастырылып, атыс қаруын сақтау тәртібін бұзғаны үшін - 16 және азаматтық атыс қаруды тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізбегені үшін - 3 қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.