Қала атауын өзгерту: елорда мәслихаты үндеу жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Онлайн тыңдауға қала тұрғындары мен тілек білдірген кез келген адам қатыса алады

фото: www.gov.kz

Елорда мәслихаты азаматтарға қала атауын өзгертуге қатысты пікірін айту жөнінде үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ертең сағат 10:00-де Facebook, Instagram және т.б. әлеуметтік желілерде онлайн тыңдаулар өтеді. БАҚ-та жарияланған немесе қала мәслихатының поштасына жіберілген ұсыныстар есепке алынып, 15 қыркүйекте жарияланады. Онлайн жария тыңдауларға қала тұрғындары және тілек білдірушілер елорда мәслихатының Facebook-тегі ресми парақшасы  арқылы қатыса алады.