Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан жауынгердің сүйегі бүгін Оралда жерленді
Ленинград облысының Тосненск ауданындағы батпақты даладан қазақстандық екі жауынгердің сүйегі табылған
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі «Atamnyn Аmanaty» Қоғамдық Бірлестігінің бастамасын қолдай отырып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Жайық өңірінің азаматы Қали Дүзбаевты қайта жерлеу рәсімін өткізді, деп хабврлайды Azattyq Ruhy.
Іс-шара барысында белгілі болғандай, Ленинград облысының Тосненск ауданындағы батпақты даладан қазақстандық екі жауынгердің сүйегі табылған. Оның ішінде бір сарбаздың мойнынан табылған медальон Қали Дүзбаевтікі екені анықталды. Өкінішке қарай, ұйымдастырушылар атап өткендей, екінші жауынгердің атын анықтау мүмкін болмаған.
«Қали Дүзбаев пен белгісіз соладаттың сүйегі Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде «Atamnyn Аmanaty» Қоғамдық Бірлестігіне салтанатты түрде тапсырылып, Қорғаныс министрлігінің күшімен Орал қаласына жеткізіліп отыр. Осы орайда, ҰОС кезінде қаза тапқан, Жайық өңірінің азаматы Қали Дүзбаевты іздеу жұмыстарына көмек қолын созған Ленинград облысының губернаторлығына, Ленинград облысының жастар саясаты жөніндегі комитетіне алғысымызды білдіреміз», - деді іс-шара барысында сөз алған Орал қаласының әкімі Мейіржан Сатқанов.
Жиынға жиналғандар сүйегі туған жерге жерленіп жатқан сарбаз бен сұрапыл соғыста жан тапсырған отандастарымызды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.