14.09.2022, 15:49
Жаңалықтар
Әулиекөл ауданында ер адамның денесі табылды
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті
Фото ашық дереккөзден
Әулиекөл ауданында ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Azattyq Ruhy Alau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әулиекөл ауданы Лесное ауылының 44 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған жергілікті тұрғын – 27 жастағы ер адам ұсталды.
Полицияға 2022 жылдың 27 шілдесінде Лесное ауылының тұрғынынан ұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түсті.
Тәртіп сақшылары 44 жастағы ер адамның денесін Лесное ауылынан 6 шақырым жердегі жырадан тапты. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды