$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанның бюджетіне 6,1 млрд теңге төледі

Жыл басынан бері 37 шетелдік компания шартты тіркеуден өтті

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанның бюджетіне 6,1 млрд теңге төледі
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері интернет арқылы қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) қосылған құн салығы немесе GOOGLE салығын төлеуі керек. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

GOOGLE салығын төлейтін шетелдік компания үшін тіркеу талаптары жеңілдетілген. Мәселен, тіркеу есебіне тұру үшін шетелдік компания ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жіберсе жеткілікті. Осы арқылы олар шартты тіркеуден өтеді.

«Жыл басынан бері 37 шетелдік компания, соның ішінде Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компаниялар шартты тіркеуден өтті. 2022 жылдың басынан бастап аталған компаниялар 6,1 млрд теңге сомасына салық төледі.

Ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері болып саналатын «Meta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд теңге) және «Apple Distribution International Limited» (1,1 млрд теңге), сондай-ақ АҚШ резиденті «ООО iHerb» (1,4 млрд теңге) төлеген», - делінген ведомство хабарламасында.

Қандай компаниялар қанша салық төлегені туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.

«Салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ, айыппұлдар мен салықтық әкімшілендірудің басқа да күрделі тетіктері жоқ екенін атап өткен жөн. Мұның бәрі тауарлармен электронды сауданы жүзеге асыратын немесе қазақстандық сатып алушының атына электрондық қызметтер көрсететін шетелдік компания үшін Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерінің орындалуын оңайлату мақсатында жасалды», - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Серіктес жаңалықтары