Штатта 16 500 гектардан астам орман өртке оранған
Калифорнияда орман өртінен 11 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт 6 қыркүйекте Плейсер және Эль-Дорадо округының маңында басталған. Калифорнияның өртті бақылау агенттігінің хабарлауынша қазір жалынның небәрі 10 проценті ғана ауыздықталған.
Агенттік аймақтағы басқа да елді мекендерді өрт шарпуы мүмкін екендігін ескертті.
Өрттен қашқан мыңдаған тұрғын Сакраментодағы Сьерра колледжіне уақытша орналастырылды.