$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда бір айда жезөкшелікпен айналысқан 20-дан астам притон анықталды

Күдіктілер қамауға алынды

Қазақстанда бір айда жезөкшелікпен айналысқан 20-дан астам притон анықталды
Фото ашық дереккөзден

ҚР ІІМ қыркүйек айында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысушыларға әдейі үй-жай бергені үшін 20 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеген. Бұл туралы ҚР ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану үшін адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.

«Жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағандығы, онда жақсы еңбек жағдайларымен жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғандары анықталды. Кейін алдап, құжаттарды алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Табысты өздері иеленген. Қарсылық көрсеткен жағдайда ұрып-соғып, ойдан шығарылған айыппұлдар салып, есірткіні (мефедрон) қолдануға мәжбүрлеген.

Аталған факт бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притон құру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп мәлімдеді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында күш қолдану арқылы 30 жастағы қызды жыныстық мақсатта пайдалану үшін ұрлап кеткен 43 жастағы ер адам ұсталды. Қазір қылмыстық кодекстің 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал Абай облысында 32 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Ол үш апта бойы алдау жолымен 17 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға тартып, табысын өзі алып отырған. Аталған факт ҚК-нің 134-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Серіктес жаңалықтары