Алматы облысының полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

16 жастағы қыз ағасымен жанжалдасып қалған соң суицид жасамақ болған

фото: Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерек Талғарда тіркелді. Екі патрульдік полицей көпірден секіруге тырысқан кәмелетке толмаған қызды құтқарып қалды. Полицейлер 16 жастағы жасөспірім қыз көпірде тұрып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын байқаған.

«Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша суицидті болдырмады», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырды. Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Әкесімен және ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасып, өмірімен қош айтыспақ болған.

Тегтер: