Қызылорда облысында ескегі сынып, жағаға жете алмай қалған балықшылар құтқарылды
Балықшыларға медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне босатылды
Қызылорда облысының Қамыстыбас елді мекенінде ескегі сынып, жағаға жете алмай қалған 3 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арал ауданында Қамыстыбас елді мекеніндегі Тастақ жағалауынан 800 метр шақырымда көлге балық аулауға шығып, қайығының ескегі сынған балықшылар жағаға жете алмай жатқандығы жөнінде «112» құтқару қызметіне хабарлама түсті.
Аталған шақырту бойынша Қамыстыбас елді мекеніндегі Жедел құтқару жасағының құтқарушылары арнайы техникамен оқиға орнына жетті. Балықшыларды құтқарушылар жағаға шығарып, ажалдан аман алып қалды.
«3 балықшыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Қамыстыбас елді мекеніндегі Жедел құтқару жасағының станциясына жеткізді. Қазіргі таңда балықшылардың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ», - делінген хабарламада.