Дәрілік заттар Өзбекстанға контрабандалық жолмен жеткізілмек болған
2022 жылғы 7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн. теңгеден асатын «Трамадол» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған.
«Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла» атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство таратқан хабарламада.