Үш өрт сөндіруші мемлекеттік нагарадалармен марапатталды

Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде ерлік жасаған үш өрт сөндірушіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) және Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы наградталды.
Сонымен қатар Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нұрлан Сәлімжан «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.