$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда жеңгетайлықпен айналысқан тұрғын ұсталды

Ол притонды ұйымдастырумен және оны ұстаумен айналысқан

Таразда жеңгетайлықпен айналысқан тұрғын ұсталды

Таразда сауықтыру кешенінде притон анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде жезөкшелікпен айналысу мақсатында притонды ұйымдастырумен және оны ұстаумен айналысқан облыс орталығының 38 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер және келушілерді есепке алу журналы алынды.

Сонымен қатар, полиция бөлімдеріне  жеңіл жүрісті 18 қыз жеткізіліп, барлығы дактилоскопиядан өтті және профилактикалық есепке қойылды. Сондай-ақ полицейлер қоғамдық орындарда тиісудің 11 дерегін тіркеді, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Серіктес жаңалықтары