$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: oir.mobi

«Қазгидромет» РМК 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер болжамынша, антициклон әсерінен елімізге күздің суық ауа райы келеді.

«Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаууы мүмкін: елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақтың жаууы ықтимал.

10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы #болжам