Ресей басшысы Нұр-Сұлтанда өтетін іс-шараларға қатысады
Ресей президенті Владимир Путин 12-14 қазан аралығында Нұр-Сұлтанға келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Ресей президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, Владимир Путин Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысады.
Аталған шаралар 12-14 қазанға жоспарланған.
«Ресей президенті Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады және сол жерде ТМД саммиті өткізіледі. Іс-шаралар қазан айының ортасына – 12-14-і аралығына өтеді», - деді Ю. Ушаков.
Сондай-ақ ресейлік президент көмекшісінің айтуынша, Қазақстанға сапары барысында Путинің кездесуін «Ресей – Орталық Азия» форматындағы жоғары дәрежеде өткізу жоспарланып отыр.