Күдіктілер қылмысын мойындады
Алматыда төлем терминалын бұзып, 1 млн 725 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткендер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төлем құрылғысы Райымбек даңғылындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат ұсталды. Олар 1975, 1986 және 1982 жылы дүниеге келген.
«Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.