$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада үлескер қаржысын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды

Қала әкімдігі рұқсат құжаттары жоқ компаниялардан тұрғын үй сатып алмауға кеңес берді

Астанада үлескер қаржысын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлады Azattyq Ruhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алмаған жөн.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге жүгінуіңіз қажет.

Өзара байланыс телефондары: 8 (7172) 55-04-28, 55-67-03.

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс салушылардың тізімі

Серіктес жаңалықтары