07.09.2022, 01:50
Жаңалықтар
Шымкент-Түркістан тас жолында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті
Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр
Шымкент қаласы ТЖД
Шымкент-Түркістан тас жолында жүк көлігі жанып кетті. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында Шымкенттен шыға берістегі Ынтымақ мөлтекауданында болған. Чипсы мен газды сусындар тиелген Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тіркемесімен бірге отқа оранған .Нәтижесінде көлік ішіндегі заттар да жанып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өртті сөндірді.
«ТЖД 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген департамент таратқан хабарламада.
Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
