07.09.2022, 00:09
Жаңалықтар
Қарағанды облысында бір күнде 17 табиғи өрт тіркелді
Өрттерді сөндіруге 279 адам мен 78 техника жұмылдырылған
Фото ашық дереккөзден
Қарағанды облысында бір күнде 17 табиғи өрт тіркелді. Оның ішінде 10 учаскедегі жалын әзірге толық сөндірілген жоқ. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«6 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында 17 табиғи өрт тіркелді. Жалынның өршуіне жоғары ауа температурасы мен жылдамдығы 20 м/с жел себеп. Оның ішінде 7 өрт сөндірілді. Ал 10 өрт ошағы бақылауда. Атап айтқанда, қазір Шет ауданына қарасты Қызылтау елді мекенінде 300 гектар және өзге аумақтардағы аумағы 50 гектардан аспайтын 9 дала өрті сөндіріліп жатыр», - делінген хабарламада.
Құзырлы орган дерегінше, өрттерді сөндіруге 279 адам мен 78 техника жұмылдырылған.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті