$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында 19 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

Салалық мекеме мамандары жауапсыз мердігерлерге қатысты сотқа шағым әзірлеп жатыр

Павлодар облысында 19 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында 19 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Себебі қазіргі таңда осы 19 білім беру ошағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Сала мамандарының мәліметінше, 32 мердігермен келісімшарттар осы жылдың ақпан айында жасалған. Десе де, жөндеуші кәсіпорындар үлгермеген. Бұған мемлекеттік тапсырыс рәсімдерінің кеш өткізілуі себеп.

Айта кетейік, биыл облыста 46 мектепте күрделі жөндеу басталған. Олардың 38-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Қазіргі уақытта салалық мекеме мамандары жауапсыз мердігерлерге қатысты сотқа шағым әзірлеп жатыр.

 «Мердігерлермен шартта көрсетілген мерзімде жұмыстарды орындамау фактілеріне қатысты сотқа тиісті талап-арыздарды жасауға бастама жасадық. Бүгінгі таңда 10 объект бойынша мердігерлерге талап-арыз берілді және қаралуда. 12 объект бойынша мердігерлерге талап-арыз беру бойынша материалдар дайындалуда», - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина.

Серіктес жаңалықтары