$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 15 мыңға жуық дәрігер тапшы – вице-министр

2022-2023 оқу жылында 5 мың грант бөлінді

Елімізде 15 мыңға жуық дәрігер тапшы – вице-министр

Бүгінде еліміз бойынша 14 678 медицина кадры жетіспейді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Денсаулық сақтау жүйесінде 267 мың медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 78 мыңы – дәрігер, 188 мыңы – орта медицина қызметкері. 7 мың дәрігер мен 4,5 мың орта медицина қызметкерлері тапшы. Мамандарды орналастыру бойынша мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес медицина саласында 4085 маман жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні министрлік дәрігерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2023 жылға қарай дәрілерлердің орташа айлық жалақысын екі есе көтеру жоспарланып отыр. 2022-2023 оқу жылында 5 мың грант бөлінді. Медицина мекемелерінде дәрігер маманның жетіспеушілігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Қостанай облысында жоғары деңгейде болып отыр», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, жолдама бойынша өңірлерге барған жас мамандарға біркелкі әлеуметтік көмек көрсетілмей отыр. Мысалы, ШҚО-да 204 маман жұмысқа орналасса, оның ішінде тек 3-еуіне ғана әлеуметтік төлем берілген, яғни бұл – 1,5 пайыз ғана. Ақтөбе облысында 173 жас дәрігер жұмысқа орналасқан. Олардың ешқайсына әлеуметтік көмек көрсетілмеген. Жергілікті атқарушы органдар жас мамандарға қолдау көрсетуде салғырттық танытып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша Ұлттық жоба дайындалып жатыр. Онда ауылдық емханаларды қаланың деңгейімен теңестіру, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Бұл санатқа 650 ауылдық медициналық ұйым еніп отыр. Тиісті қаражат бюджеттен қарастырылды», - дейді Жандос Бүркітбаев.

Серіктес жаңалықтары