06.09.2022, 10:10
Жаңалықтар
Шымкентте 8 мың тонна мазут заңсыз сатылғаны анықталды
Кінәлілер бірнеше жылға сотталды
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері 1,1 млрд теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазуттың заңсыз сатылғанын анықтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша, екі кәсіпкер белгісіз тұлғалардан мазут сатып алып, әрі қарай шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз түрлі компанияларға мазутты заңсыз өткізген.
«Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
