06.09.2022, 05:56
Жаңалықтар
Павлодарда Ертісте қайық қағып кеткен әйел іздестіріліп жатыр
Іздеу жұмыстарына бес құтқарушы жұмылдырылды
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда құтқарушылар Ертісте қайық қағып кеткен әйелді іздестіріп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Судағы трагедия өткен сенбіде "Ямайка" жеке жағажайында болды. Куәгерлердің айтуынша, катер 40 жастағы әйелді қағып өткен, ол қатты соққыдан кейін су астына кеткен.
Іздеу жұмыстарына бес құтқарушы жұмылдырылды.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды