Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өлімнің нақты себебі сараптамалар нәтижесінен кейін белгілі болады

Фото ашық дереккөзден

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 3 қыркүйек күні қалалық ПБ Үлбі бөлімшесіне Шәкәрім даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі подъез ішінде мәйіттің иісі шығып тұрғаны жайлы хабар түскен.

«Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл аттанды.Тексеру барысында жертөледен 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Мәйітте көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған», - делінген хабарламада.

Өлімнің нақты себебі сараптамалар нәтижесінен кейін белгілі болады.