$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тұрғындары қостанайлықтарға 120 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Тағы 4 жүк көлігі бүгін жолға шығады

Алматы тұрғындары қостанайлықтарға 120 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өрттен зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау ісі жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 120 тоннадан астам қажетті заттар жиналған. Алматыдағы «DEPO EVOLUTION PARK» жастар орталығы «Жастар рухы» Коворкинг орталығында 10 гуманитарлық көмек жинау пункті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Негізінен азық-түлік, киім-кешек, бірінші кезекте қажетті заттар, сондай-ақ тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және арнайы жабдықтар (бензин генераторлары, құрылыс құралдары және т.б.) жіберілмек. Тасымалдау үшін әрқайсысы әрқайсысы 20 тонналық жүкті көтеретін 6 ауыр көлік жолға шығады.

«Кеше Қостанай облысына 2 жүк көлігі (Fuhre, үлкен жүк таситын) жөнелтілді. Тағы 4 жүк көлігі бүгін жолға шығады. Гуманитарлық көмекті жинауға және тиеуге еріктілер, кәсіпкерлер және қала тұрғындары арасынан 200-ден астам адам қатысты», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары гуманитарлық көмекті ұйымдастыруға ат салысып жатыр. Акция аясында төтенше жағдайлардан зардап шеккендер үшін қалалық мәслихат депутаттары жалпы сомасы 15 млн теңгеге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен жүк көлігін жіберген. Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға ұн, қант, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, өсімдік майы, ауыз су, консервілер (ет/балық), төсек-орын жабдықтары, гигиена құралдары (жөргектер, майлықтар және т.б.) жіберілді.

«Сондай-ақ төсек жабдықтарын сатып алу өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді әлеуметтік қолдау мәселесі қаралды. Оны орындау «Бақытты Отбасы» орталығының қолдауымен көпбалалы аналардың тігін цехы арқылы жүзеге асырылды. Жалпы 200 төсек-орын тысы сатып алынды. Гуманитарлық көмекті жасақтауға «AMANAT», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы» және «Ауыл» партияларының депутаттары белсенді қатысты», - деді Алматы қаласы Мәслихатының баспасөз хатшысы Дархан Серікбайұлы.

Серіктес жаңалықтары