$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қамауға алынады: отбасында жанжал шығарғандарға жаза күшейтілмек

Қазір ескертуді қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мәселесі пысықталып жатыр

Қамауға алынады: отбасында жанжал шығарғандарға жаза күшейтілмек
Фото ашық дереккөзден

Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі. Бұл жөнінде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдағы уақытта әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегін белгілеу жоспарланып отыр. Отбасында жанжал шығарғандар кем дегенде 5 тәулікке қамауға алынады.

"Сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімін 20 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу бойынша арыз беруден анықтау қағидатына көшу көзделіп отыр", - деді министр Үкімет отырысында.

Полиция арыз-шағымсыз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғай алады. Ал сот нақты жазаны тағайындайды.

"Сондай-ақ заңсыз әрекетті қайталап жасаған кезде мұндай құқықты алып тастау арқылы тараптардың сотта татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату жоспарланып отыр. Бұл жәбірленушіге көрсететін психологиялық қысымды тоқтатуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ішкі істер министрі.

Бұдан бөлек, қазіргі кезде ескертуді қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мәселесі пысықталып жатыр. Осылайша үйде жанжал шығаратындар көшені тазалау, жол салу және жөндеу, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартылады.

Серіктес жаңалықтары