16 жастағы бозбала Жайыққа құлап кеткен кішкентай баланы құтқарып қалды
Ал өзенде адам тасымалдаудың қауіпсіздігін қадағаламаған тұлғаларға қатысты іс-құжаттар жинақталуда
Атырауда 16 жастағы бозбала өзенге құлап кеткен 3 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
«2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Атырау қаласы, Орталық дене шынықтыру кешені тұсында Жайық өзеніне батып бара жатқан баласын әкесі өзі құтқармақ болған, кейін шағын қайықпен жанынан өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков есімді бозбала дереу көмекке келген», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Жайық өзенінде белгісіз адам мен жасөспірім баланың көмек сұраған дауысын естіп стационарлық бекетте қызмет атқарып тұрған Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев және полиция аға лейтенанты Бердібек Хабибуллаев келген. Кейін полицейлер жағалауға шығарып, 1992 жылы туған азамат пен оның 2019 жылы туған ұлына жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.