Ол осыған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымын атқарып келген
Мемлекет басшысы Асқар Омаровты Орталық коммуникациялар қызметінің директоры етіп тағайындады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Асқар Омаров осыған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымын атқарып келген.