ШҚО тұрғыны саяжайына марихуана өсірген

Azattyq Rýhy

Ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ШҚО тұрғыны саяжайына марихуана өсірген

ШҚО тұрғыны саяжайында тыйым салынған өсімдік өсірген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері саяжайлардың бірін тінту барысында 34 жастағы облыс орталығының тұрғынынан жасыл түсті өсімдік тәркіледі.

Сондай-ақ, тінту кезінде ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша үш пластикалық құмыра табылып, олардың әрқайсында бір-бірден 3 түп өсімдік өскен, сондай-ақ 230 грамнан астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Сол сияқты көлігінен қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты бар шыны ыдыс табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған өсімдіктер жалпы салмағы 1 келіден асатын құрамында есірткі заттары бар каннабис түріне жатады.

Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.