02.09.2022, 13:33
Жаңалықтар
Ақтөбеде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Өңірде жыл басынан бері 101 жол-көлік оқиғасы болды
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбеде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеше түнде Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі К.Нокин даңғылы мен Жанқожа батыр көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан ол қаза тапты.
Мұндай оқиғаның алдын алу үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 101 ЖКО болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам қаза тауып, 97 адам зардап шекті. Жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігінің кепілі – жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды