Сауда және интеграция министрі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрін тағайындады. Бұл туралы Azatty Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын», - делінген Ақорда хабарламасында.