«Ш» сыныбына дейін бар»: Қосшы қаласында 1200 орындық мектепте 5 мыңға жуық оқушы оқып жүр

Оқушылар үш ауысыммен оқиды

«Ш» сыныбына дейін бар»: Қосшы қаласында 1200 орындық мектепте 5 мыңға жуық оқушы оқып жүр

Былтыр «ы» сыныбына дейін ашылған №2 орта мектептің биыл 1-сыныбына 600-ден астам бала қабылданған. Биыл бұл мектепте бас-аяғы 4682 оқушы үш ауысымға бөлініп оқиды. Өйткені білім ордасы 1200 оқушыға шақталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қосшыда 3 ауысыммен оқитын мектепке 1-сыныпқа 661 бала қабылданды. Ол мектепте биыл жалпы 4682 бала оқиды. 1-сыныптардың реті «Ш» әрпіне дейін барады», - деп мәлімдеді Ақмола облысының білім басқармасы.

Жалпы Қосшыда 3 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектеп бар. Олардың біреуі 3 ауысымда оқиды. Ондағы оқушылардың  сабақ кестесі мынадай: 1-ауысым: 8.00-ден 11.40-қа дейін; 2-ауысым: 11.45-тен 15.25-ке дейін; 3-ауысым: 15.30-дан 19.10-ға дейін.

Айта кетейік, былтыр да аталмыш мектептің оқушылары осындай сабақ кестесімен оқуға мәжбүр болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.