ДСҰ Пәкістанда індет таралу қаупіне алаңдаушылық білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Пәкістанның миллиондаған тұрғыны су тасқынынан зардап шекті

фото: www.pnp.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Пәкістандағы су тасқыны салдарынан халықтың денсаулығына төнген қауіпке байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұйым елде малярия, денге безгегі мен басқа да аурулар етек жаюы мүмкін екенін ескертті.

ДДҰ Пәкістанда миллиондаған адам медициналық көмек пен емге зәру екенін атап көрсетті.

Су тасқынынан мұнда мыңнан астам адам қаза тапты, 160 мың адам қауіпсіз орындарға орналастырылды.