$ 501.26  590.38  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Камиль Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады

Камиль Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды
фото: primeminister.kz

Камиль Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.

2015-2016 жылдары — «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Мақалада

#тағайындау