$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Білім күні Алматыда жаңа форматтағы модульді мектеп ашылды

№205 мектеп қаладағы көлемі жағынан ең үлкен ғимарат болып саналады

Білім күні Алматыда жаңа форматтағы модульді мектеп ашылды

Білім күні қарсаңында Алматыда жаңа форматтағы модульді мектеп есігін ашты, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy тілшісі.

Алатау ауданының «Томирис» ықшамауданында бой көтерген су жаңа №205 мектеп қаладағы көлемі жағынан ең үлкен ғимарат болып саналады. Басты ерекшелігі – сыныптар соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған, екі спорт залы, заманауи үлгідегі асхана, кітапхана мен коворкинг аймақтар және ойын алаңдары бар. Алғашқы қоңырауы соғылған білім мекемесіне бүгін 1400 оқушы қабылданды.

 «Сыныпта 24 бала ғана отырады. Одан артық бала отырмайды. 30-40 бала отырмасын деп есептелген. Өте тамаша, ыңғайлы, берілген жиһаздардың барлығы балалардың денсаулығына, денесіне жарақат келтірмейтіндей сапалы жасалған. 5-қыркүйекке дейін одан да көп баланы қабылдаймыз деген сенімдеміз», – деді №205 мектептің директоры Гүлнәр Дәулетова.

Жаңа мектеп типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістігі бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді. Жоба авторлары әр орынның ауқымдылығына қолжеткізуді мақсат етті. Мұнда бал арасының ұясы тәрізді кабинеттер ерекше назар аудартады.  Бұл нысан үй-жайлардың барынша табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кең дәліздер мектеп ішінде еркін жүруге мүмкіндік береді. Мұнда балалар мен мұғалімдердің жайлылығы үшін барлығы жасалған. Стадиондары жарақтанған мектепте барлық кеңістіктер барынша көгалдандырылған. Face ID зауамануи жүйесі қауіпсіздік үшін аса қолайлы.  Ата-аналар балалардың мектептегі уақытынан хабарламалар ала алады. Үш жақтан кіретін жеке топтар қауіпсіз санитарлық-эпидемиологиялық режімді қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.

«Балаларымыз өссін, өнсін. Осы Алатау ауданының балаларына біз әкімдік атынан, әкімнің атынан жетістіктер тілейміз. Білімді, ізденімпаз болсын! Балаларымыздың мерекесі құтты болсын! Алатау ауданының атын шығаратын, Қазақстанның атын  шығаратын балаларымз көп болсын», – деді Алатау ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Ләйлә Оразбаева.

Мектепке америкадан алдырылған екі автобус сыйға берілді. Енді арнайы көлік алыстан қатынайтын оқушыларды тегін таситын болады.

Серіктес жаңалықтары