01.09.2022, 12:45
Жаңалықтар
Президент Үкіметке еліміздегі жылу және су желілерін жаңартуды тапсырды
Республикада электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі тозып кеткен
Фото: ашық дереккөзден
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Үкіметке еліміздегі жылу және су желілерін жаңартуды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозған. Тарифтерді жасанды тежеу электр жарығын өшіруге, түрлі апатқа әкеп соғады және соның салдарынан азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді», - деді Мемлекет басшысы.
Монополиялық нарықтарда «Инвестицияға айырбас тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшу қажет. Президент электр желілері мен қуат көздерінің тозуын кем дегенде 15 пайызға азайтуды тапсырды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды