ТЖД: Оңтүстік облыстардағы таулы аймақтарды су басуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

9-12 ақпан күндері таудағы қар еріп, төмен ағуы ықтимал

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде ауа райының күрт жылынуына байланысты 9-12 ақпан күндері оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында қар еріп, беткейлі ағын қалыптасуы мүмкін, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда күн жылынып, жылы ауа температурасы сақталып отыр. Алдағы күндері жауын-шашын, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының таулы аймақтарында 9-12 ақпан күндері таудағы қар еріп, төмен ағуы мүмкін. Осылайша беткейлі ағын қалыптасу қаупі бар», - делінген ТЖД хабарламасында.