$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Беларусь азаматы теңізге түсу үшін Ақтауға дейін жаяу келген

Маңғыстаулық жол сақшысы қиындыққа тап болған шет елдік азаматқа көмек көрсетті

Беларусь азаматы теңізге түсу үшін Ақтауға дейін жаяу келген
фото: Mangistaupd/ instagram

Беларусь азаматы теңізге түсу үшін Ақтау қаласына дейін жаяу келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұнайлы ауданы ПБ ППР аға қызмет инспекторы Ж.Таджибаев әдеттегідей өзіне белгіленген аумағында қызмет ету барысында түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқайды. Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны бірден азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жол тартқан. Осылайша орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған», - деп көрсетті Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.

Полицейлер туристке жедел көмек көрсетіп, оны қонақ үйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастады.

Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#турист