$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Серік Жұманғарин қант өндіру мен сатудың жаңа схемаларын әзірлеуді ұсынды

Үкіметте баға тұрақтандыру және елде қант тапшылығын болдырмау мәселесі талқыланды

Серік Жұманғарин қант өндіру мен сатудың жаңа схемаларын әзірлеуді ұсынды
фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин отандық қант зауыттары, сала қауымдастықтары, сауда биржалары өкілдерімен, трейдерлермен және консультанттармен қант және басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және оның өсу қарқыны бойынша бірлескен шешімдерді талқылау және әзірлеу үшін кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Талқыланған басты тақырып – баға тұрақтандыру және елде қант тапшылығын болдырмау. Кездесуде қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева атап өткендей, негізгі экспорттаушы елдердің қант экспортына қабылдаған шектеу шаралары ішкі нарықта дүрлігуге алып келді, бірақ бүгінгі таңда жағдай тұрақтанды.

«Біз бірлесіп, зауыттарды шикізатпен, ал елді осы өніммен тұрақты бағада қамтамасыз ету үшін қантты қаржыландыру, қайта өңдеуді ұйымдастыру және сату схемаларын қайта қарап, әзірлейміз. Мен мұны алдағы күндері жасауды ұсынамын», - деді Серік Жұманғарин.

Қант саласы бойынша кеңеске қатысушылар бұл ұсынысты қолдады.

Сондай-ақ бұл күні Серік Жұманғарин негізгі тамақ өнімдері өндірісінің басқа салаларының проблемалары мен даму мүмкіндіктерін талқылау үшін Ет одағының, бағбандар одағының, астық өңдеушілер одақтарының, органикалық өнім өндірушілердің және басқа да аграрлық сарапшылардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды, өндірістің әрбір бағытын пысықтау үшін қосымша кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары