$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

"Шығын көлемі 45 млн теңгеден асады": Алматыда 50 адам турфирмалардың біріне алданып қалды

Алматы Полиция департаменті зардап шеккендердің арызын қабылдады

"Шығын көлемі 45 млн теңгеден асады": Алматыда 50 адам турфирмалардың біріне алданып қалды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда 50 адам турфирмалардың біріне алданып қалды. Алданғандардың бірі әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазба авторының сөзіне сүйенсек, биыл жазда олар шетелде демалу үшін «Imagine Events» туристік компаниясына жүгінген. Компания қызметкерлері клиенттерге Түркия, Мальдив аралдары, Черногория, Мысыр және басқа да бағыттарға тур сатқан. Алайда белгіленген күні олардың ешқайсысы билет алмаған.

Оның айтуынша, қазірге дейін 50 зардап шегуші жиналған. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 45 миллион теңгеден асады. Бірақ бұл көрсеткіш екі есе көп болуы мүмкін.

Алматы Полиция департаменті зардап шеккендердің арызы қабылданғанын мәлім етті.

«Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша қылмыстық істің материалдары өндірісте жатыр. Істің мән-жайын анықтауға және болашақта кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #турфирма