25.08.2022, 16:51
Жаңалықтар
«Алматы жастары» бағдарламасы мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы квота енгізеді
Бұл туралы Алматы педагогтарының тамыз кеңесінде белгілі болды
Жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы бойынша арнайы квота енгізіледі. Бұл туралы Алматы педагогтарының тамыз кеңесінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Бізде «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бар. Жыл сайын 1000 адамның тұрғын үй сатып алу үшін арнайы қаржылық қолдау көрсетеміз. Бағдарлама кең танылған, бұған жыл сайын көптеген үміткер қатысады. Сол себепті мен әріптестеріммен ақылдасып, келесі жылдан бастап жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізетін болып шештік. 1000 адамға тағы 100 квота қосылады: 50-і жас мұғалімдерге, 50-і жас дәрігерлерге», - деді қала әкімі.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды