$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЭКО-ның көмегімен елімізде 28 мың сәби дүниеге келді

Әлемде ЭКҰ арқылы дүние есігін ашқан адамның саны 10 миллионнан асып отыр

ЭКО-ның көмегімен елімізде 28 мың сәби дүниеге келді
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі тәуелсіздік жылдарында экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасы арқылы неше бала дүниеге келгені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасында экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы қолға алынғанына 27 жыл болды. Осы кезеңде 100 мыңнан астам ана көмекке жүгініп, 28 500 бала дүниеге келді», - делінген министрліктің жауабында.

Ведомствоның мәліметі бойынша, әлемде ЭКҰ арқылы дүние есігін ашқан адамның саны 10 миллионнан асып отыр.

«ЭКҰ арқылы дүниеге келген балалардың денсаулық жағдайының табиғи жолмен құрсаққа біткен балалардың денсаулығынан айырмашылығы жоқ. Баланың денсаулығына ата-анасынан берілетін тұқым қуалайтын қасиеттер, ананың жүктілік және босану кезіндегі күйі әсер етеді», - деп жазылған жауапта.

Серіктес жаңалықтары