$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл елімізде жол-көлік апатынан 308 жаяу жүргінші қаза тапқан

Республика бойынша жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған жол апаты көбейіп кеткен

Биыл елімізде жол-көлік апатынан 308 жаяу жүргінші қаза тапқан
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биыл елімізде барлық көрсеткіш бойынша жол-көлік апатына қатысты оқиғалардың өскені байқалды: жол-көлік оқиғаларының саны – 9 пайызға (7180-ден 7862-ге дейін), қаза болғандар саны – 17 пайызға (1194-тен 1017-ге дейін), зардап шеккендер саны – 9 пайызға (9533-тен 10390-ға дейін) көбейіп кетті», - дедіҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұраталиев.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің төрттен бірі - жаяу жүргіншілер. Ведомство статистикасына сәйкес, биыл 308 жаяу жүргінші қаза тауып, 2168 адам жарақат алған.

«Жаяу жүргіншіге көп жауапкершілік артылады. Жолдағы қауіпсіздік жаяу жүргіншіге де, жүргізушіге де байланысты. Екі жағынан да қауіп бар. Жаяу жүргіншілер 265 жол-көлік оқиғасына себепші болып, 55 адам қаза тауып, 217-сі түрлі дене жарақатын алған», - деді Жандос Мұраталиев.

Қазақстанда жол-көлік оқиғалары салдарынан балалар өлімінің де жыл сайын артып отырғанына қарамастан, соңғы бір жылда кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілер арасындағы жарақаттану көрсеткіші азайып келеді.

«Биыл балаларға қатысты жол-көлік оқиғаларының саны бес пайызға (1964 жылдан 1861 жылға дейін) және одан зардап шеккендер екі пайызға (2255-тен 2206-ға дейін) азайды. Соған қарамастан жол-көлік оқиғаларынан балалардың өлімі көрсеткіші жоғары – 7 пайыз (106-дан 113-ке дейін) болып қалып отыр. Кәмелетке толмағандардың кінәсінен 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның салдарынан 8 бала қаза тауып, 99-ы жарақат алды», - деді Ж. Мұратәлиев.

Серіктес жаңалықтары