$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда лауазымды қызметкерлер қомақты қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

Олар қаржыны ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аударған

Алматыда лауазымды қызметкерлер қомақты қаражат жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: Sputnik.kz

Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды қызметкерлері 370 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары