$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

20 жастағы Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында аяғының жартысынан айырылды

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

20 жастағы Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында аяғының жартысынан айырылды
Фото ашық дереккөзден

20 жастағы Көкшетау тұрғыны жұмыс орнында аяғының жартысынан айырылды. Бұл туралы Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел жәрдемнен полицияға хабар 20 тамызда түскен. 20 жастағы қала тұрғыны облыстық аурухананың қабылдау бөліміне «сол аяқтың үштен бір бөлігі деңгейінде травматикалық ампутация, сол жақ аяқтың үштен бір бөлігінің жұмсақ тінінің жыртылуы» диагнозымен жеткізілген.

«Жедел-тергеу тобы жәбірленуші кәсіпорындағы жұмыс орнында жүк көтергіште, жүктерді тасымалдауға арналған құрылғыда жұмыс істеу кезінде жарақат алғанын анықтады», - делінген хаарламада.

Полиция Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 156-бабы – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары