22.08.2022, 13:08
Жаңалықтар
Астанада көше ортасында жеңіл көлік өртеніп кетті
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін 22 тамызда сағат 09.57-де елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен Іле көшесінің қиылысында автокөліктің өртенгені туралы хабарлама алды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде Volkswagen Рassat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 10.15-те толығымен сөндірілді», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Департаменттің ақпаратына сүйенсек, өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды