$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері 12 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды – Еңбекмин

Қабылданған шаралар нәтижесінде оларға ала алмай жүрген 2 млрд 850 млн теңге жалақысы төленген

Жыл басынан бері 12 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды – Еңбекмин
Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жалақы