$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда түнгі клуб алдында төбелескен екі қыздың ісі сотқа жолданды

Төбелес шығарғандардың екеуі де 1997 жылғы бойжеткендер

Атырауда түнгі клуб алдында төбелескен екі қыздың ісі сотқа жолданды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда екі бойжеткен түнгі клубтың алдында төбелесіп қалған. Қазір екі қызға қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 19 тамызда түнде болған.

Екі бойжеткен түнгі сағат 03:30 шамасында «Авангард» шағын ауданындағы түнгі клубтың бір-бірімен жанжалдасып қалған. Олардың бұл теріс әрекетін Атырау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының инспекторлары байқаған.

«Жедел басқару орталығының инспекторлары қоғамдық орындағы төбелес туралы «Батыс» экипажының қызметкерлеріне хабар берген. Оқиға орнына жеткен экипаж қызметкерлері бір-бірімен жанжалдасып, төбелес шығарғандардың екеуі де 1997 жылғы бойжеткен екенін анықтады», - делінген хабарламада.

 Түнгі клуб алдында жаға жыртысқан бойжеткендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары