Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбеде облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында заңсыздықтың жолы кесілді.

«Облыстық полиция департаменті көлік құралдарын жүргізу үшін куәлік беріп, халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.