18.08.2022, 04:31
Жаңалықтар
Таразда көлік тізгіндеген жасөспірімге айыппұл салынды
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жасөспірімнің ата-анасы 61 мың теңге айыппұл төлейді
фото: 24.kz
Тараз қаласының полиция қызметкерлері көлік тізгіндеген кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Патрульдік Полиция батальоны қызметкерлері қала аумағын патрульдеу кезінде жолда жүру ережесін бұзған «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатқан. Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында көлікті Тараз қаласының 17 жастағы тұрғыны тізгіндегені анықталды.
Толық мән-жайды білу үшін жасөспірімнің ата-анасы полиция бөліміне шақыртылды.
Кәмелетке толмаған жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 61260 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)