$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында салықшылар сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Аймақтық мемлекеттік кірістер департаментінің 3 қызметкері қомақты айыппұл арқалады

Павлодар облысында салықшылар сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
фото: www.gov.kz

Павлодар облысында мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу және адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша пара беру фактілері бойынша өңірлік мемлекеттік кірістер Департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Қылмыстық іс бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Д.Бастимиев өзінің қарамағындағылардан сол басқарманың мамандары Т. Құрманбек пен Р. Шапкеновтен қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған», - деп көрсетті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

Павлодар қалалық сотының үкімімен, аталған адамдар қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан айыра отырып, Д.Бастимиевке 6 миллион теңге, Т.Құрманбек пен Р.Шапкеновке әрқайсысына 5 миллион теңгеден айыппұл ретінде жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары